Жазғы сауықтыру жұмыстары
Бүгін бүлдіршіндеріміз таза ауада серуендеп, күн сәулесін қабылдап, ағзаға қажетті D дәруменін алды. Құммен түрлі ойындар ойнап, шығармашылық қабілеттерін дамытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған қызықты уақыт өткізді.
Жазғы сауықтыру шаралары балалардың денсаулығын нығайтып, сергек әрі белсенді болып өсуіне ықпал етеді. Балалардың шат күлкісі – біздің ең үлкен қуанышымыз!