Ата-аналар жиналысының мақсаты мен міндеттері
Жиналыстың мақсаты:
Балабақша мен отбасы арасындағы тығыз байланысты нығайту.
Бала тәрбиесі мен білім беру үдерісінде ата-аналардың жауапкершілігін арттырып, ортақ міндеттерді бірлесе атқару.
Негізгі міндеттері:
Өзара ынтымақтастық: Педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерін біріктіріп, балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Ақпарат алмасу: Балабақшаның тыныс-тіршілігімен, оқу-тәрбие жоспарларымен таныстыру және балалардың жетістіктерін талқылау.
Педагогикалық қолдау: Ата-аналарға бала тәрбиесі мен жас ерекшеліктеріне байланысты қажетті әдістемелік кеңестер беріп, қолдау көрсету.
Ата-аналар жиналысының тақырыбы
«Бала дамуына бірге қолдау көрсетейік»
Мақсаты: ата-аналарға баланың психологиялық, сөйлеу және танымдық дамуы туралы түсінік беру, мамандар мен ата-ана арасындағы бірлескен жұмысты нығайту
Ересек «Балапан «тобы
Ата-аналар жиналысы
Бөбекжайымызда ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында бөбекжай меңгерушісі мен медбике еңбек шарттары, санитарлық-гигиеналық талаптар және балалардың тазалығы мен денсаулығын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Бөбекжайымызда ата-аналармен «Балаларды жақсы көретін ата-аналар» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренингтің мақсаты – ата-аналар мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен ойындарға қатысып, өз ойларымен бөлісті. Ата-аналар балаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың маңыздылығы туралы пікір алмасып, тәрбиедегі тиімді әдіс-тәсілдерді талқылады.
Тренинг жылы әрі достық атмосферада өтіп, ата-аналардың белсенді қатысуымен ерекшеленді. Шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Бала бақыты – ата-ана мейірімінен басталады! @bilim_baskarmasi @almatyoblbilim @_balalardy_damytu_instituty
Бөбекжайымызда ата-аналармен «Балаларды жақсы көретін ата-аналар» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренингтің мақсаты – ата-аналар мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен ойындарға қатысып, өз ойларымен бөлісті. Ата-аналар балаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың маңыздылығы туралы пікір алмасып, тәрбиедегі тиімді әдіс-тәсілдерді талқылады.
Тренинг жылы әрі достық атмосферада өтіп, ата-аналардың белсенді қатысуымен ерекшеленді. Шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Бала бақыты – ата-ана мейірімінен басталады!
«Жасұлан» бөбекжайына профосмотр келіп, бүлдіршіндер толық тексерістен өтті
Балалардың денсаулығы — басты назарда
“Жасұлан” бөбекжайында ересек топ ата- аналарымен түсіндірме жиналысы өткізілді.