Таза ауадағы серуен – балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттырады. Бүгін «Балбұлақ» тобының бүлдіршіндері серуен барысында қызықты қимылды ойындар ойнап, шаттыққа бөленді.
Ойын арқылы балалар ептілікке, ұйымшылдыққа және достық қарым-қатынасқа тәрбиеленеді.