Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Әбілдаева 3
87767376147
87478011986
87002795298
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Жасұлан" балалар бөбекжайы МКҚК
Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі “мемлекеттік мекемесінің “Бақанас ауылындағы “Жасұлан” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

Бөбекжайымызда жазғы сауықтыру жұмыстары аясында тәрбиеленушілердің қатысуымен ерекше көңілді әрі танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында әр топ өзіне берілген тақырыпты шығармашылықпен таныстырды: «Аққу» тобы – «Лимонад»,
«Мөлдір» тобы – «Балмұздақ»,
«Балбұлақ» тобы – «Жемістер»,
«Балапан» тобы – «Қарбыздар»,
«Айгөлек» тобы – «Қалпақтар»,
«Сауықтыру» тобы – «Жүгері».
Тәрбиеленушілер өз тақырыптарына сай безендірілген киімдер мен сәндік бұйымдарды таныстырып, ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр топтың ерекше дайындығы мен шығармашылық ізденісі көпшіліктің ыстық ықыласына бөледі.
Іс-шараның басты мақсаты – тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, ұйымшылдық пен белсенділікті арттыру және жаз мезгілінің шаттыққа толы сәттерін бірге сезіндіру.
Шара соңында барлық тәрбиеленушілер көтеріңкі көңіл күймен естелік суретке түсіп, жарқын әсерге бөленді. Осындай қызықты әрі мазмұнды шаралардың өтуіне атсалысқан бөбекжай педагогтері мен педагог тәрбиешілеріне және бөбекжай тәрбиеленушілерінің ата-аналарына шынайы алғысымызды білдіреміз!