Бөбекжайымызда «Жасыл балабақша» жобасы аясында ортаңғы “Сауықтыру” тобының тәрбиеленушілері қызанақ егу жұмыстарына белсене қатысты. Тәрбиеленушілер тәрбиешілердің көмегімен топырақты қопсытып, қызанақ көшеттерін отырғызып, суару жұмыстарын жүргізді.
Іс барысында тәрбиеленушілер өсімдіктерге күтім жасауды үйреніп, табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңызын түсінді. Сонымен қатар, еңбекке баулу арқылы жауапкершілік пен ұқыптылық дағдылары қалыптасты.
Осындай жұмыстар тәрбиеленушілердің экологиялық тәрбиесін қалыптастырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады.