Бөбекжаймыздың ортаңғы “Айгөлек” тобының тәрбиешісі Сыдыкова Галия “Жасыл ел” аясында тәрбиеленушілерге көкөністердің ағзаға пайдасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тәрбиеленушілер көкөністердің дәрумендерге бай екенін, денсаулықты нығайтып, дұрыс өсуге көмектесетінін білді. Сонымен қатар, тәрбиеленушілер көкөністерді күтіп-баптау жолдарымен танысып, табиғатты аялауға деген қызығушылықтарын арттырды.
Іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер гүлдерге күтім жасау жұмыстарын орындап, гүлдерді суару, топырағын қопсыту және таза ұстаудың маңызын үйренді. Бұл жұмыстар арқылы тәрбиеленушілер еңбекке баулып, табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиеленді.
Сондай-ақ, қоқыстарды сұрыптау бойынша танымдық жұмыстар ұйымдастырылып, тәрбиеленушілерге пластик, қағаз және тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаудың қоршаған ортаны қорғаудағы маңызы түсіндірілді. Тәрбиеленушілер экологиялық мәдениетті сақтаудың алғашқы дағдыларын меңгеріп, тазалыққа жауапкершілікпен қарауды үйренді.