Бөбекжайдың ортаңғы “Бөбек” тобының тәрбиеленушілерімен «Заң және тәртіп бала көзімен» тақырыбы аясында «Дұрыс және бұрыс әрекет» атты сюжеттік ойын ұйымдастырылып, өткізілді.
Ойын барысында тәрбиеленушілерге күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар ұсынылды. Тәрбиеленушілер дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажыратып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Мысалы, жолдан дұрыс өту, үлкендермен сәлемдесу, достарымен бөлісу сияқты жағымды әрекеттерді атап өтті. Ал ойыншықты тартып алу, қоқысты жерге тастау, тәртіп бұзу сияқты әрекеттердің бұрыс екенін түсіндірді.
Тәрбиеленушілер ойынға белсенді қатысып, рөлдік көріністер арқылы тәртіп сақтаудың маңыздылығын көрсетті. Ойын соңында тәрбиеленушілер дұрыс әрекет жасау, әдепті болу және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы қорытынды жасады.
Бұл ойынның нәтижесінде тәрбиеленушілердің тәртіп, әдептілік және жауапкершілік туралы түсініктері қалыптасып, дұрыс мінез-құлық дағдылары нығая түсті.