Бөбекжайымыздың ересек «Қарлығаш», «Аққу», «Мөлдір» топтарының тәрбиеленушілеріне «Заң және тәртіп – бала көзімен» тақырыбында заң мен ережелер туралы түсінік берілді.
Ересек топ тәрбиеленушілері үшін маңызды әрі танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға полиция қызметкері арнайы шақырылып, балаларға құқықтық тәрбие беру мақсатында әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында тәртіп сақтау, жол ережелерін білу және қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсініктер берілді. Тәрбиеленушілер полиция қызметкерінің жұмысымен танысып, оның қоғамдағы маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Ұйымдастырылған танымдық іс-шара тәрбиеленушілердің заңға деген құрметін арттырып, тәртіптілік пен жауапкершілікке тәрбиелеуге ықпал етті.