Бөбекжайымыздың мектепалды «Балапан» тобының тәрбиеленушілері «Заң және тәртіп – бала көзімен» тақырыбы аясында танымдық экскурсияға барды. Экскурсия барысында тәрбиеленушілер Балқаш аудандық полиция бөліміне және жол қозғалысы алаңына барып, құқық қорғау саласының жұмысымен танысты.
Іс-шара барысында балаларға заңды құрметтеу, тәртіп сақтау және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері туралы түсініктер берілді. Полиция қызметкерлері өздерінің күнделікті қызметі жайлы айтып, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Жол қозғалысы алаңында тәрбиеленушілер жол белгілерімен танысып, бағдаршамның қызметін бақылап, жаяу жүргіншілерге арналған ережелерді тәжірибе жүзінде орындады. Бұл балалар үшін өте қызықты әрі пайдалы тәжірибе болды.
Аталған экскурсия тәрбиеленушілердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, қауіпсіздік ережелерін меңгеруіне және қоғамда өзін дұрыс ұстауға тәрбиелеуге ықпал етті.