Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Әбілдаева 3
87767376147
87478011986
87002795298
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Жасұлан" балалар бөбекжайы МКҚК
Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі “мемлекеттік мекемесінің “Бақанас ауылындағы “Жасұлан” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 18-20 маусым аралығында Балқаш ауданы аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және балаларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу.
Рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.
Сонымен қатар, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне немқұрайлы қараған ата-аналар заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, олардың кешкі және түнгі уақытта заңды өкілдердің бақылауынсыз жүруіне жол бермеңіздер. @almatyoblbilim @balhash_audandyk_bilim_bolimi @bilim_baskarmasi