Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Әбілдаева 3
87767376147
87478011986
87002795298
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Жасұлан" балалар бөбекжайы МКҚК
Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі “мемлекеттік мекемесінің “Бақанас ауылындағы “Жасұлан” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

Бөбекжайдың ортаңғы "Сауықтыру" тобының тәрбиеленушілерімен «Заң және тәртіп бала көзімен» тақырыбы аясында "Не дұрыс, не бұрыс?" сюжеттік ойыны ұйымдастырылып өткізілді.

Ойын барысында тәрбиеленушілерге күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар ұсынылды. Тәрбиеленушілер "Не дұрыс, не бұрыс?" әрекеттерін ажыратып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Ал ойыншықты тартып алу, қоқысты жерге тастау, тәртіп бұзу сияқты әрекеттердің бұрыс екенін түсінді.

Тәрбиеленушілер ойынға белсенді қатысып, рөлдік көріністер арқылы тәртіп сақтаудың маңыздылығын көрсетті. Ойын соңында тәрбиеленушілер дұрыс әрекет жасау, әдепті болу және бөбекжайда тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы қорытынды жасады.

Бұл ойынның нәтижесінде тәрбиеленушілерде тәртіп, әдептілік және жауапкершілік туралы түсініктер қалыптасты.