Кіші «Гүлдер» тобының тәрбиеленушілерімен «Заң және тәртіп» бағыты аясында «Ұқыптылық пен тәртіп» тақырыбында тәрбиелік ойын ұйымдастырылды. Бұл ойынның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілерді тазалыққа, ұқыптылыққа, тәртіп сақтауға баулу және күнделікті өмірде дұрыс мінез-құлық қалыптастыру.
Ойын барысында тәрбиеленушілерге ұқыптылықтың маңызы түсіндіріліп, ойыншықтарды орнына қою, киімдерін ретімен жинау, қолды уақытында жуу сияқты қарапайым дағдылар көрсетілді. Тәрбиешілер балалармен бірге ойын арқылы тәртіп ережелерін қайталап, «не дұрыс, не бұрыс» екенін ажыратуға үйретті.