Алкоголь – адамның денсаулығына ғана емес, отбасы мен қоғамның тұрақтылығына да үлкен қауіп төндіретін зиянды әдет. Ол адамның ойлау қабілетін әлсіретіп, түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға себеп болуы мүмкін. Сондықтан әр азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын таңдауы қажет.
«Заң мен Тәртіп» қағидаты – қауіпсіз әрі саналы қоғамның негізі. Ішімдікке тәуелділіктің алдын алу – әр отбасының, әр азаматтың ортақ міндеті. Болашаққа нық қадам басу үшін зиянды әдеттерден бас тартып, білімге, еңбекке және отбасылық құндылықтарға басымдық берейік.
