«Жасұлан» бөбекжайында бракераж комиссиясының жұмысы
Балалардың денсаулығы мен қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында бөбекжайымызда бракераж комиссиясы күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Комиссия мүшелері дайын тағамдардың:
сапасын;
сыртқы түрін, дәмі мен иісін;
тағамның дайындалу технологиясын;
порция көлемін және температуралық жағдайын;
ас мәзірінің бекітілген мәзірге сәйкестігін бақылап отырады.
Әрбір тағамның сапасы тексеріліп, нәтижесі бракераж журналына тіркеледі.
Басты мақсатымыз – бүлдіршіндерімізді сапалы, құнарлы әрі қауіпсіз тағаммен қамтамасыз ету!