Ересек «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілеріне «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбында түсіндірме жаттығулары жүргізілді.
Жаттығу барысында тәрбиеленушілерге жер сілкінісі кезінде өзін дұрыс ұстау ережелері түсіндірілді. Атап айтқанда, қауіпсіз орынға жасырыну, үрейге бой алдырмау, үлкендердің нұсқауын тыңдау қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, эвакуация кезінде тәртіп сақтау және бір-біріне көмектесу туралы да кеңінен түсінік берілді.
Тәрбиеленушілердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында түрлі көрнекіліктер мен ойын элементтері қолданылып, тақырып қызықты әрі түсінікті түрде жеткізілді.