Бөбекжайымыздың ересек «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілерімен өрт қауіпсіздігі бойынша эвакуациялық жаттығу өткізілді.
Бұл жаттығудың мақсаты – тәрбиеленушілерді төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету, қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру және олардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жаттығу барысында тәрбиеленушілерге өрт болған жағдайда өзін қалай ұстау керектігі түсіндірілді және тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Жаттығу нәтижесінде балалардың қауіпсіздік ережелері туралы білімдері бекітіліп, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдылары қалыптастырылды.
@balhash_audandyk_bilim_bolimi