Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Әбілдаева 3
87767376147
87478011986
87002795298
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Жасұлан" балалар бөбекжайы МКҚК
Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі “мемлекеттік мекемесінің “Бақанас ауылындағы “Жасұлан” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

Бөбекжайымыздың барлық топ тәрбиеленушілеріне
«Жыл басы - Наурыз» атты ертеңгілігі ұйымдастырылып өткізілді. Наурыз – халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Бұл күні табиғат оянып, күн мен түн теңеліп, жаңа өмір басталады.
Бөбекжайымызда Наурыз мерекесіне орай ұлттық салт-дәстүрлер насихатталып, тәрбиеленушілерімізге қазақ халықының мәдениеті мен құндылықтары таныстырылды. Мектепалды
тәрбиеленушісі “Бата” беріп, ересек “Қарлығаш” пен ортаңғы “Айгөлек” топтарының тәрбиеленушілері “Кішкентай жүректерден шыққан үлкен өнер!” атты оркестрін сахналады, тәрбиеленушілеріміз ұлттық ойындар ойнап, ұлттық-салт дәстүрлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Наурыз – достықтың, татулықтың, мейірімділіктің мерекесі. Бөбекжай тәрбиеленушілері көктемнің әр күнін қуанышқа толтырып, жүректерге жылулық сыйлады!
Жаңа жыл әр отбасыға амандық, молшылық, бақыт пен береке әкелсін!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Наурыз мерекесі құтты болсын!