“Жаңару” күніне орай бөбекжайымызда ерекше игі шара өтті. Тәрбиеленушілер ата-аналарымен бірге бөбекжай ауласына тал егіп, табиғатты аялаудың үлгісін көрсетті.
Бұл игі іс – табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және тәрбиеленушілерге еңбекқорлық пен қамқорлықты үйретудің жарқын көрінісі болды. Тәрбиеленушілер мен ата-аналар бірлесе отырып ағаш отырғызып, болашаққа жасыл сый қалдырды.
Бұл күннің басты мақсаты – тәрбиеленушілерге табиғатты сүюді, қоршаған ортаны аялауға және жақсылық жасауға тәрбиелеу.Осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпақ табиғатты сүюді, туған жерін құрметтеуді үйренеді.