Наурыз айындағы “Тазалық” күніне орай бөбекжай ұжымының қызметкерлері “Тазалық - денсаулық кепілі, Таза орта - жарқын болашақтың негізі” деген мақсатта бөбекжайымыздың ауласы мен ғимаратының ішінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Қоршаған ортаны таза ұстау, ұқыптылық пен жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Ұжым қызметкерлері бөбекжайымыздың аула аумағын тазалап, ағаш түптерін ретке келтіріп, гүлдерге күтім жасап, тазалық мәдениетін сақтаудың үлгісін көрсетті. Бұл шара – тазалықтың тек бір күндік іс емес, күнделікті өмір салты екендігін айқындай түсті.
Баршаңызды тазалықты сақтауға шақырамыз! @balhash_audandyk_bilim_bolimi