Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Әбілдаева 3
87767376147
87478011986
87002795298
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Жасұлан" балалар бөбекжайы МКҚК
Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі “мемлекеттік мекемесінің “Бақанас ауылындағы “Жасұлан” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

 

«Ұлттық спорт» күніне орай бөбекжайымыздың ересек «Қарлығаш», «Мөлдір», «Аққу», мектепалды «Балапан» топтарының тәрбиеленушілерінің арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер қазақ халқының ұлттық ойындарымен танысып, қызықты жарыстарға белсенді қатысты.
Шара барысында жігерлі жігіттеріміз, кішкентай сұлу аруларымыз «Арқан тарту», «Бестемше», «Қазақша күрес», «Қол күрес», «Теңге алу» қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. Бұл мерекенің мақсаты – тәрбиеленушілерге ұлттық спорт түрлерін таныстырып, салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Осындай ойындар арқылы тәрбиеленушілеріміз ұйымшылдыққа, достыққа және салауатты өмір салтына бейімделеді.
Бөбекжайымыздың кішкентай сұлу арулары ұлттық өнердің әсем үлгісі – «Құрақ құрау» ұлттық өнермен сусындады. Аруларымыздың қолынан шыққан әрбір жұмыс – өнерге деген сүйіспеншіліктің белгісі. Қыздарымыз нәзіктік пен ұқыптылықты бойларына сіңіре отырып, әсем оюлы өрнектерден «Кілемшенің бөліктерін тап» ойынын ойнап, ұлттық құндылықтарды дәріптеді.
Осындай игі істер арқылы бүлдіршіндеріміздің өнерге деген қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеттері дамуда. @balhash_audandyk_bilim_bolimi