Скачать aqpcb9xtlrtg52etah23c_wwhq8ja3hn5nqoqzd0dzb9qqujbp4vfkc1xsaiz7nglrqky
Бөбекжайымызда “Ұлттық киім” күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер қазақтың әсем ұлттық киімдерін киіп, салт-дәстүрімізді дәріптейтін ән айтып, би биледі.
Бұл күннің мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық мәдениетті танытып, ата-бабадан қалған асыл мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Ұлттық киім – ұлттың айнасы, мәдениетінің белгісі.
Ұлттық киім – ұлттың рухы мен тарихының көрінісі. “Ұлттық” киім күні тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер ұлттық нақыштағы киімдер киіп, баршамызға мерекелік көңіл күй сыйлады.