Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні жыл сайын 1 Наурызда атап өтіледі. Бұл күн адамдарды төтенше жағдайлардан қорғау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және азаматтық қорғаныстың маңызын түсіндіру мақсатында өткізіледі. Осы айтулы маңызды күніне орай “Жасұлан” бөбекжайымыздың мектепалды “Балапан” тобының тәрбиеленушілеріне “Өртпен ойнама” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмысы барысында тәрбиеленушілер өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысып, төтенше жағдайлар кезінде өздерін дұрыс ұстауға дағдыландыру керек екендігін біледі.
Құрметті ауданымыздағы өрт қауіпсіздігі мекемесінің қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер — қауіп-қатерге қарсы тұрып, адам өмірі мен қоғам тыныштығын қорғап жүрген нағыз ержүрек жандарсыздар. Қай кезде де батылдық, жеделдік және жауапкершілік танытып, халықтың амандығы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер.
Өрт — тілсіз жау. Ал сол тілсіз жаумен күресте сіздердің қырағылықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз талай жанды қауіптен құтқарып келеді. Сіздерге мықты денсаулық, темірдей тәртіп, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз! Қызметтеріңіз абыройлы, еңбектеріңіз еленіп, әрдайым ел алғысына бөлене беріңіздер!
Еліміздің қауіпсіздігі жолындағы еңбектеріңіз жана берсін, жүректеріңіздегі үміт оты сөнбесін!
Құрметпен: “Жасұлан” бөбекжай ұжымы.