«Жасыл балабақша» аясында ересек «Аққу» тобының тәрбиеленушілері еңбек пен табиғаттың тығыз байланысын тәжірибе арқылы таныды.
Тәрбиеленушілер бидайды егіп, оның өсіп-жетілуін бақылап, оны орып алды. Одан әрі диірменге тартып, келіге түйіп, ұн дайындау процесімен танысты.
Еңбектің нәтижесінде кішкентай аспаздар ұннан нан мен бауырсақ пісіріп, өз еңбектерінің жемісін көрді.
Бұл іс-шара тәрбиеленушілерге еңбектің қадірін түсіндіріп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырды және ас атасы – нанға деген қызығушылықтарын оятты.
Тәрбиешілер: К. Жексенова, А. Нусупова