1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Жасұлан” бөбекжайында жазғы сауықтыру маусымының ашылуына дайындық жұмыстары жүргізілді.
Бөбекжай меңгерушісі мен медбикелер барлық топтардың жағдайын тексеріп, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарын бақылаудан өткізді.
Барлық топтардың беседкалары мерекеге сай әсем безендіріліп, бүлдіршіндерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын жайлы орта жасалды.
Біздің басты мақсатымыз – әр баланың қауіпсіз, қызықты әрі қуанышқа толы жазғы демалысын ұйымдастыру. Балғындарымыздың жүзінен күлкі кетпей, бақытты балалық шақтың жарқын сәттері көбейе берсін! 💚
#1Маусым #БалалардыҚорғауКүні #ЖасұланБөбекжайы #ЖазғыСауықтыру #БақыттыБалалықШақ БалаларҚуанышы @almatyoblbilim @bilim_baskarmasi @_balalardy_damytu_instituty