Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұрпақ тәрбиесіне қосып жүрген өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Әр шәкірттің жетістігі – сіздердің маңдай терлеріңіздің жемісі.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және шәкірттеріңіздің биік белестерін көруді тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!