"'Тазалық – тәрбие бастауы, табиғатты қорғау – ортақ міндет!"'
«Наурыз» тобының бүлдіршіндері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығымен танысты.
Балаларды кішкентай кезінен тазалыққа баулу, табиғатты аялауға, туған жерді құрметтеуге және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйрету – біздің басты мақсатымыз.
Әрбір таза аула, әрбір отырғызылған ағаш – жарқын болашаққа жасалған қадам! Бірге табиғатты қорғайық, Қазақстанымызды таза ұстайық!
"'Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі!"'