2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Жасұлан» бөбекжайының ортаңғы «Бөбек» тобының тәрбиешілері тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен бірлесе отырып, «Шын жүректен кітап сыйла!» акциясын ұйымдастырды.
Бұл – мейірімділік пен білімді насихаттайтын игі шара. Акцияның мақсаты – тәрбиеленушілердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру және бір-біріне сыйлық жасау арқылы жақсылыққа тәрбиелеу.
Құрметті «Бөбек» тобының ата-аналары!
«Шын жүректен кітап сыйла!» акциясына белсене қатысып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
@balhash_audandyk_bilim_bolimi