Бөбекжайымызда аптаның әр дүйсенбісінде таңғы жаттығу барысында тәрбиеленушілердің патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Таңғы жаттығу басталар алдында барлық топтардың тәрбиеленушілері мен педагог-тәрбиешілері сапқа тұрғызылып, Мемлекеттік Гимнді орындайды. Гимн орындалу кезінде қатысушылар тік тұрып, ел рәміздеріне құрмет көрсетеді.
Бұл іс-шара тәрбиеленушілердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастыруға бағытталған.
@balhash_audandyk_bilim_bolimi