Бөбекжайымыздың мектепалды «Балапан» тобының тәрбиеленушілері аудандық кітапханаға танымдық саяхат жасады. Саяхат барысында тәрбиеленушілер кітапханамен танысып, кітаптардың қалай сақталатынын және қалай пайдаланылатынын білді.
Кітапхана қызметкерлері тәрбиеленушілерге қызықты ертегілер оқып беріп, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік берді. Балалар кітаптарға қызығушылық танытып, өздеріне ұнаған кітаптарды қарап, әсерлерімен бөлісті.
Бұл саяхат тәрбиеленушілердің кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың танымдық қабілеттерін дамытуға үлкен ықпал етті. Тәрбиеленушілеріміз кітап әлемімен жақынырақ танысып, ерекше әсер алып қайтты.
@balhash_audandyk_bilim_bolimi