Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Әбілдаева 3
87767376147
87478011986
87002795298
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Жасұлан" балалар бөбекжайы МКҚК
Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі “мемлекеттік мекемесінің “Бақанас ауылындағы “Жасұлан” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай бөбекжайымыздың кіші топ тәрбиешілері ортаңғы, ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілеріне арналған «Кітап – білім бұлағы» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды.

Шара барысында тәрбиеленушілер кітаптың маңызы туралы мағлұмат алып, «Ертегіні тап», «Кітапты жина» ойындарын ойнап, ертегілер әлеміне саяхат жасады. Балалар сүйікті кейіпкерлерін еске түсіріп, кітап туралы тақпақтарын айтып, шағын көріністер көрсетті.

Сонымен қатар, кітапты ұқыпты ұстау және оны күтіп сақтау туралы түсініктері кеңейді. Бұл іс-шарада кіші топ тәрбиешілері бөбекжай тәрбиеленушілеріне ерекше қуаныш сыйлап, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды.

Аталған шара барысында тәрбиеленушілер «Кітап – білімнің қайнар көзі» екенін терең түсініп, оның мазмұнды әрі қызықты өткеніне көз жеткізді.

@balhash_audandyk_bilim_bolimi