Республика күні – еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі! Бұл – тәуелсіздігімізді, бірлігімізді және Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді дәріптейтін ерекше күн.
«Қызғалдақ» тобының бүлдіршіндері барша қазақстандықтарды 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыз гүлдене берсін! Әр шаңыраққа шаттық, әр отбасына бақыт пен береке тілейміз!
Қазақстанымыз жасай берсін! Мереке құтты болсын!