Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Әбілдаева 3
87767376147
87478011986
87002795298
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Жасұлан" балалар бөбекжайы МКҚК
Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі “мемлекеттік мекемесінің “Бақанас ауылындағы “Жасұлан” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

Бөбекжайымыздың ересек және мектепалды топтарында «Ғарышқа саяхат» тақырыбында қызықты да танымдық ертеңгілік ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – тәрбиеленушілердің ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту, қиялын дамыту және ғылымға деген қызығушылығын арттыру болды.

Ертеңгілік барысында балалар ғарышкерлер бейнесіне еніп, өз өнерлерін ортаға салды. Олар тақпақ айтып, ән шырқап, түрлі көріністер көрсетті.

Сонымен қатар, мереке барысында «Зымыранды құрастыр», «Жұлдыздарды жина» сияқты қызықты ойындар ойнатылып, тәрбиеленушілердің шапшаңдығы мен ұйымшылдығы байқалды. Әсем әуенмен орындалған билер мен әндер ертеңгіліктің көркін аша түсті.

Тәрбиеленушілер ғарыш туралы білімдерін көрсетіп қана қоймай, болашақта ғарышкер болу армандарымен де бөлісті. Ертеңгілік өте көңілді, әсерлі және жоғары деңгейде өтті.

Мерекенің соңында балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарқап, ғарыш әлеміне деген қызығушылықтары арта түсті.

@balhash_audandyk_bilim_bolimi