Ересек «Аққу» тобының тәрбиеленушілерімен «Авариялық жағдайларда өзіңді қалай ұстау керек» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерге төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіру және дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Өрт кезінде тәрбиеленушілер дабыл белгісін тыңдап, тәрбиешінің нұсқауымен қауіпсіз жерге шығу жолдарын тәжірибе жүзінде орындады. Жер сілкінісі жағдайында үстел астына тығылып, бастарын қорғау керектігі үйретілді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілермен рөлдік ойындар ұйымдастырылып, «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны арқылы алған білімдері бекітілді. Балалар белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.
Қорытынды бөлімде тәрбиеленушілер қауіпсіздік ережелерін қайталап, қажетті мәліметтерді меңгерді. Іс-шара өз мақсатына жетіп, тәрбиеленушілердің қауіпсіздік туралы түсініктері кеңейді.