Астана күні – ел жүрегі!
6 шілде – Астана күніне орай «Жасұлан» бөбекжайында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Бүлдіршіндер елордамыз туралы танымдық мәліметтермен танысып, патриоттық ойындарға қатысып, мерекелік көңіл күйге бөленді.
Мерекенің мақсаты – балалардың Отанға, туған жерге және елордамыз Астанаға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Астана күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк байрағымыз мәңгі биікте желбіресін!
Ізгі тілекпен, «Жасұлан» бөбекжайы ұжымы.