«Жасұлан» бөбекжайының мектепалды және ересек топ тәрбиеленушілері Тіл мерекесіне орай «Ана тілім – ардағым!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер ана тіліміздің қадір-қасиетін дәріптеп, тақпақтар айтып, ән шырқап, ұлттық билер билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Тәрбиеленушілер қазақ тілінің байлығы мен әсемдігін танытып, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Шараның мақсаты – тәрбиеленушілерге ана тілін құрметтеуді, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тіл мәдениетін дамыту.
Ана тілі – ата-бабадан аманат болып жеткен асыл мұра. Оны құрметтеу – әр ұрпақтың қасиетті парызы!
Тәрбиеленушілеріміздің жүрегінде ана тіліне деген мақтаныш сезімі қалыптасып, қазақ тілі қашанда төрімізден орын алсын!
Тіліміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!