1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жасұлан» бөбекжайында жазғы сауықтыру маусымының ашылуы ерекше көңіл-күймен аталып өтті.
Мерекелік іс-шара барысында бүлдіршіндеріміз ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы мерекенің сәнін келтірді.
Осы жарқын мерекеге арнайы келіп, балаларымыздың қуанышына ортақтасқан барша қонақтарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Қолдауларыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз!
Жазғы сауықтыру маусымы бүлдіршіндерімізге көтеріңкі көңіл-күй, қызықты сәттер мен ұмытылмас естеліктер сыйласын!
@almatyoblbilim @bilim_baskarmasi @_balalardy_damytu_instituty
#ЖасұланБөбекжайы #1Маусым #БалалардыҚорғауКүні #ЖазғыСауықтыру #БақыттыБалалықШақ
БалаларМерекесі АлғысымызШексіз