Бөбекжайда №5 педагогикалық кеңес «Нәтиже мен тәжірибе – дамуға бастар жол» тақырыбында өткізілді. Педагогикалық кеңестің мақсаты – педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін саралау және білім беру сапасын арттыру жолдарын қарастыру болды.
Кеңес барысында педагог тәрбиешілер мен педагогтер жыл бойы атқарылған жұмыстары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбиеленушілердің даму көрсеткіштері талқыланды. Сонымен қатар, ұйымдастырылған оқу қызметінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды.
Педагогтер өзара пікір алмасып, үздік тәжірибелер ұсынылды. Кеңес қорытындысында алдағы 2026-2027 оқу жылына арналған міндеттер белгіленіп, тәрбие мен оқыту сапасын жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды. Педагогикалық кеңес ұжымның кәсіби ынтымақтастығын нығайтып, тәжірибе арқылы нәтижеге жетудің маңыздылығын көрсетті.