Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Әбілдаева 3
87767376147
87478011986
87002795298
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Жасұлан" балалар бөбекжайы МКҚК
Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі “мемлекеттік мекемесінің “Бақанас ауылындағы “Жасұлан” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

Бүгінгі бірінші педагогикалық кеңес өте жоғары деңгейде, мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Кеңес барысында жаңа оқу жылына қойылған мақсат-міндеттер сараланып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру, заманауи педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдану және тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелері кеңінен талқыланды.
Педагогтар өз ой-пікірлерімен, ұсыныстарымен және тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби тұрғыда белсенділік танытты. Әр мәселе бойынша нақты ұсыныстар айтылып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.
Педагогикалық кеңес ұжым мүшелерінің өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберлігін арттыруына және ортақ мақсатқа жұмыла жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндік берді.
Кеңес өте әсерлі, мағыналы және пайдалы өтті. Алдағы оқу жылында да осындай бірлігіміз бен ізденісімізді жалғастырып, тәрбиеленушілердің игілігі үшін сапалы еңбек етейік!
Барша әріптестерге шығармашылық табыс, жаңа идеялар және жемісті жұмыс тілейміз!